Жамбыл облысындағы Ақкөлдің арнасы толып, жағадағы ауылға қауіп төндіріп тұр

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы мен Тараз қаласында су тасқыны ахуалының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талас ауданында Ақкөлдегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан Ақкөл ауылына су тасқынының қаупі төніп тұр. Жобалық сыйымдылығы 264 млн текше метрді құрайтын көлдегі судың деңгейі  244,8 млн. текше метрге - 92%-ға жетті.

«Судың көлемі дәл осы қалпын сақтап тұратын болса, Ақкөл тасып, жағадағы ауылды су алуы мүмкін. Қазіргі таңда Ақкөлге ағып келетін судың көлемі секундына 164,4 текше метрді құраса, ағып шығып жатқан судың көлемі - 120 текше метр», - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

Ақкөл ауылында 2 115 адам тұрады, онда 424 тұрғын үй, 4 білім беру нысаны, бір денсаулық сақтау мекемесі мен 4 әлеуметтік маңызы бар нысан бар. Тұрғын үйлерді су басу қаупін сейілту үшін жергілікті атқарушы органдар қолдан жасалған дамбаға топырақ салынған мың дана қап тастады. Бұл жұмыстарға 50 адам тартылды.

Ақкөл өзенінің бөгеті мен Аса өзенінің маңына облыстық ТЖД (15 адам мен 3 техника) жергілікті полиция қызметімен бірлесіп күн сайынғы кезекшілік ұйымдастырды. 

Соңғы жаңалықтар