Жамбыл облысында заңсыз діни бірлестіктің қызметі тоқтатылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында соттың шешімімен «Евангелие христиан баптистерінің» діни бірлестігінің заңсыз қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облыстық ІІД-нің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының, сондай-ақ Шу ІІБ-нің қызметкерлері Шу қаласының тұрғыны З.-ға тиесілі үйді тексеру барысында әйелдің үйінде тиісті мемлекеттік тіркеуден өтпеген діни жоралар, салтанаттар, жиындар өткізгенін, оларға жергілікті «Евангелие христиан баптистері» діни бірлестігінің қызметшілері мен мүшелері қатысқанын нақтылады.

Шу аудандық соты Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер жөніндегі заңнамасын бұзған З.-ға қатысты істі қарап, оны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 490-бабының 1-бөлігінің 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқықбұзушылықты жасады деп таныды.

Оған 50 АЕК - 113 450 теңге көлемінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жазасы белгіленді. Аудандық «Евангелие христиан баптистері» сыйыну үйінің қызметі үш айға тоқтатылды.

Соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Облыстық әкімдіктің мәліметтеріне қарағанда, Жамбыл облысында қызмет жүргізіп отырған 282 діни бірлестіктің 21-і Евангелие христиан баптистерінің шіркеуіне тиесілі.  

Соңғы жаңалықтар