Жамбыл облысында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Бүгінде Тараз қаласында 15 мың адам баспана кезегінде тұр, ал 15 шағын ауданда салынып жатқан құрылысқа 65 мыңдай адам кезекте тұр. Қазір «Жамбылхимстройинжениринг» компаниясының бағдарламасының аясында 280 көпқабатты және 922 жер үй тұрғызу жоспарланып отыр. 35 мың шаршы метр баспанамен 4 мың адам қамтылады. «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотека алуға болады»,-дейді «Жамбылхимстройинжениринг» ЖШс-нің директоры Юрий Минаков.

Юрий Минаковтың айтуынша, жаңа шағын аудан жобасына 80 пәтер енген. Оның ішінде 41 шаршы метрлік бір бөлмелі 10 пәтер, 52 шаршы метрден тұратын 55 екі бөлмелі пәтер және 15 шаршы метрден тұратын 68 үш бөлмелі пәтер бар. Жаңа бағдарлама Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жүзеге асырылатын болады. Жер үйлерде бір шаршы метрінің бағасы 120 мың теңгені құрайды. Көпқабатты үйлердегі баға - 140 мың теңге.

«Жаңа бағдарлама жастарға тұрғын үйді оңай сатып алуға мүмкіндік береді. Қазақстандықтар несиелік пайыздық мөлшерлемесі бойынша жылына 7 пайыздан аспайтын ипотекалық несие ала алады, ал қазір сыйақы мөлшерлемесі 18 пайызды құрайды. Тұрғын үй құрылыс жинағының бастапқы жарнасы 30-50 пайыздың орнына 20 пайызды құрайды. Ай сайынғы төлемдерді төмендету үшін ипотека мерзімі 25 жылға созылған»,-дейді компания директоры.



Тараз қаласын дамытудың жалпы жоспарына сәйкес қала іргесінен алты мың гектар жер бөлінді. Солтүстік-батысқа қарай қала кеңейе түседі деп болжанып отыр. Талас өзенінің жағалау бөлігінде рекреациялық аймақ құру жоспарланған. 462 гектар жерде заманауи 14-ші және 15-ші шағын аудандар орналасатын болады, Бұл облыс орталығының сәулетін айтарлықтай өзгертеді.

Соңғы жаңалықтар