Жамбыл облысында Сенат депутаттығына сайлау аяқталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысынан ҚР Парламенті Сенатына депутаттарды сайлаудың нәтижесі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық аумақтық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

Өңір бойынша ҚР Парламенті Сенатына депутаттыққа 5 кандидат тіркелген болатын. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Абдалы Нұрәлиев 84 пайыздан астам дауыс жинап, сайлауда жеңіске жетті. Сайлауға жергілікті мәслихаттардың 199 депутаты қатысты.

58 жастағы Абдалы Нұрәлиевтің бәсекелестері - «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру» орталығының 57 жастағы директоры Дүйсенбек Әбдрайымов, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, 64 жастағы Асқар Абдуалы, «Тараз» футбол клубының 54 жастағы  директоры Махамбет Дүйсембаев және Луговский рельсдәнекерлеу кәсіпорнының директоры, 56 жастағы Қайрат Терлікбаев болды.

Орташа жасы 56 жастағы барлық жамбылдық кандидаттар мәслихат депутаттарының қолдарын жинау арқылы өз-өздерін ұсынғандар. 

Соңғы жаңалықтар