Жамбыл облысында кенемен күреске 137 млн теңге бөлінді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының аудандарында конго-қырым қанды безгегінің табиғи ошақтарында орналасқан елді мекендерді залалсыздандыру шаралары аяқталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

КҚҚБ табиғи ошақтарында орналасқан елді мекендерді қорғау бойынша жоспарлы шараларға 137 миллион теңге бөлінді, - деді Жамбыл облысы әкімдігі ветеринария басқармасының басшысы Оспан Бердияров.

«Жамбыл облысында 92,6 млн теңгеге кенеге қарсы қолданылатын дәрілік препараттар сатып алынады. Ал дәрілеу шараларын жүргізуге аудандардың бюджетінен 45,7 млн теңге бөлінеді», - деп нақтылады ол. 

Бұған дейін Жамбыл облысы аумағында КҚҚБ табиғи ошақтары Мойынқұм, Сарысу және Талас аудандарына  70 мыңнан астам адам өмір сүретін 49 елді мекенге тарады. 2015 жылы аса қауіпті вирустың Жамбыл ауданынан да табылу фактісін мамандар бақыланбаған малдың көшуімен түсіндірді. 2016 жылы Байзақ ауданының отыз жастағы тұрғыны кененің шағуынан көз жұмды.

Жамбыл облысында алғаш рет 1982 жылы тіркелген конго-қырым қанды безгегінің табиғи ошақ аумағы 136 есеге  200-ден 27,1 мыңшаршы шақырымға дейін ұлғайған.

Соңғы жаңалықтар