Жамбыл облысында газ баллоны жарылып адамдарды күйік шалды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында ауылдағы үйде газ баллоны жарылып, екі бірдей жұмысшыны күйік шалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, газ баллонының жарылу оқиғасы Қордай ауылындағы жер үйлердің бірінде болған.

«Үйдің дәлізінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары кезінде бес литрлік газ баллоны жарылды. Жұмысшыларды күйік шалды. Өрт оқиғасы тіркелген жоқ, бірақ соққы толқыны үйдің терезе жақтауларын бүлдіріп, қабырғалар мен төбе жабынын сөгіп жіберген»,-деп айтылады ведомство хабарламасында.

Ауырлығы 1-2 деңгейлі  12-15 пайыздық дене күйігін алған жұмысшылар аудандық ауруханаға жатқызылды. 

Соңғы жаңалықтар