Жамбыл облысында Ақтөбе облысының күндері басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 23 маусымда Жамбыл облысында Ақтөбе облысының күндері басталды, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының өңіраралық кооперацияларды дамыту туралы тапсырмасына сәйкес өткізіліп жатқан шара аясында Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтары Ақтөбе өңірінің жетістіктерімен, ерекшеліктерімен танысып, ауылшаруашылық өнімдерін сатып ала алады, сонымен қатар көрмелер мен спектакльдерді көруге мүмкіндіктері бар. 

   Бұдан өзге, Ақтөбе және Жамбыл облыстарының басшылары жиналыс өткізіп, әрі қарайғы өзара ынтымақтастық пен өңіраралық байланысты кеңейтудің жолдары көрсетіледі. 
   
Сондай-ақ екі өңірдің түрлі әлеуметтік-экономикалық салаларда, атап айтқанда кәсіпкерлік, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт секілді бес бағыт бойынша тәжірибе алмасуы қарастырылуда. 

Іскерлік байланысты кеңейту үшін Ақтөбе облысының өнеркәсіп саласындағы мүмкіндіктері көрсетілмек, сондай-ақ екі облыстың кәсіпорындары үшін  В2В алаңының таныстырылымы ұйымдастырылады. 
  
Ақтөбе қаласы мен 12 аудан кәсіпкерлерінің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі 24 маусымда күндіз Тараз қаласындағы «Достық» орталық алаңында өтеді. 

Ақтөбелік  ауылшаруашылық өндірушілер мен азық-түлік өндіретін кәсіпорындар 100 тоннадан астам өнімді өткізуді жоспарлауда.  Жамбылдықтарға ет, шұжық және консерві өнімдерін, балық, сүт және сүт өнімдерін, өсімдік майы, бал мен өзге де көптеген азық-түлік өнімдері ұсынылады.
         
 Ақтөбе облысының күндері аясында 23 маусымда Тараз жұртшылығы мен қонақтары орталық стадионда өтетін Ақтөбе мен Тараз спорт мектептерінің тәрбиеленушілері арасындағы футболдан жолдастық кездесуді тамашалайды. Жамбыл облыстық қазақ драма театрында сағат 19:00-де ақтөбелік драма театры қоятын «Есігімді қаққан кім?» спектаклінің көрсетілімі басталады. Сағат 20:00-де Тараздың орталық алаңында өнер және шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарламасын паш етеді. 
     
   Сондай-ақ, Ақтөбе облысы балаларының техникалық шығармашылықтағы жетістіктерінің көрмесі өтіп, робот техникасының жетістіктері және т.б. ұсынылады. 

Соңғы жаңалықтар