Жамбыл облысы прокурорларының араласуымен 160 мүгедек бала жәрдемақы алды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат -  Жамбыл облысының прокуроры мемлекеттік әлеуметтік қолдауға мұқтаж балалардың құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдауда, деп хабарлады Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Жуалы ауданында прокуратура аудандық әлеуметтік қызметкерлердің кінәсінен өздеріне тиесілі жәрдемақыны 84 бала ала алмағынын анықтады, - деп атап өтті аудан прокуроры Секер Бүркітбаев. - Лауазымды тұлғалар өтініш берушілер нақты мәлімет берілгеніне қарамастан, табысы туралы мәлімет бермеді деп, жәрдемақы төлеуден бас  тартқан».

Үш баланың әкесі Асхат Ғарифуллин де жәрдемақы берілмей қалғандардың бірі. Жуалы аудандық прокуратурасының ұсынымы бойынша балалар жәрдемақы ала бастады. Шу ауданында прокурорлар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әкімдіктің «Үйде тәрбиеленіп, білім алып жатқан мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы» қаулысының күшін жоюға байланысты 77 мүгедек балаға жәрдемақы төлеуді тоқтатқанын анықтады.

Соңғы жаңалықтар