Жақсылық Үшкемпіров Нұрсұлтан Назарбаевқа арманын жеткізді

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алған Жақсылық Үшкемпіров арманын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Марапаттау рәсімінен кейін сөз алған Олимпиада чемпионы Жамбыл ауданына қарасты бір ауылға газ тартқызып, спорт кешенін, балабақша, қолжетімді пәтерлер салдырып бергенін айтты.

«Менің бір арманым бар. Осы көп болса 5 мыңнан аса ауыл бар шығар. Соны қазақтың 5 мың жігіті көтеріп жіберсе, одан артық қандай бақыт керек. Мен соны ойлаймын», - деді Жақсылық Үшкемпіров Елбасына қарата.

Өз кезегінде Мемлекет басшысы Тәуелсіздік жылдарында біраз азаматтың қалталы болғанын айта келе: «Енді тапқанының біразын елге берсе, сен сияқты. Жас отбасыларға 50 пәтерлі үй салып бердің. Балабақша салып бердің. Спорт кешенін салдың, қазір 200 бала күресіп жатыр», - деді.

Айта кетейік, Жақсылық Үшкемпіров - КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақ КСР еркін күрес бойынша чемпионы, Әлем чемпионы (1981), Әлем кубогының күміс жүлдегері (1980), Кеңес одағы біріншілігінің екі дүркін жеңімпазы (1975, 1980), Олимпиада чемпионы.

Соңғы жаңалықтар