Зейнеткерлерді пышақтап, 400 мың теңгесін алып кеткен күдіктілер ұсталды -Алматы облысы

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полиция қызметкерлері зейнеткерлер отбасына қарулы шабуыл жасаған екі азаматты тұтқындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданындағы саяжайлардың бірінде ерлі-зайыпты қарияларға екі адам шабуыл жасаған. Қылмыскерлер зейнеткерлердің 400 мың теңгесін алып кеткен. 

«Егде тартқан 67-70 жастағы екі зейнеткер бірнеше пышақ жарақатын алып, ауруханаға түскен. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде екі күдікті де анықталды. Олардың бірі бұған дейін бірнеше рет сотты болған азамат еді. Олар Қарағанды облысының аумағында жасырынбақ болған. Көрші облыстағы әріптестердің көмегімен екі күдікті де Саран қаласында құрықталды. Қылмыскерлер Еңбекшіқазақ ауданы ІІБ жеткізілді», - делінген баспасөз баянында.

Қазіргі таңда түрлі жарақат алған екі зейнеткер әлі ауруханада. Ал 1984 және 1985 жылы туған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

Олардан зейнеткерлерден тартып әкеткен ақшаның бір бөлігі (90 мың теңге) тәркіленді. Қылмыстық іс бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар