Зейнетақыны жоғары мөлшерде төлей бастадық - министр Дүйсенова

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шілдеден бастап зейнетақының көлемі ұлғайды. Аталған әлеуметтік көмектің алғашқы төлемі барлық зейнеткерлерге аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін біз зейнетақының жоғары мөлшерін барлық 2 млн зейнеткерімізге төлеуді аяқтадық. Осы мақсатта тек бір айға бюджеттен қосымша 50 млрд теңге бөлінді. Бұдан бөлек, 1 шілдеден бастап нәрестелі болған отбасылар бір реттік жәрдемақыны 20 пайызға артық ала бастады», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған салтанатты жиында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы зейнетақы көлемін 2016 жылғы деңгейден 20 пайызға арттыруды, сондай-ақ 1 шілдеден бастап бала тууына байланысты бір реттік мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін 20 пайызға ұлғайтуды тапсырған болатын.

Соңғы жаңалықтар