Зеренділік кәсіпкер заманға сай жабдықталған мейрамхана ашты-Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Зеренді ауданында жарияланған 88 жобаның алғашқысы жүзеге асырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметі бойынша Зеренді селосында «Сөгеті» жаңа мейрамханасын ашып отырған жеке кәсіпкер Берік Жақиянов. Кәсіпкер осы мақсатта екінші деңгейлі банктен қарызға 30 миллион теңгеден астам қаржы алған. Мейрамхана 300-ден астам адамға арналған, онда 12 адам еңбек етеді.

Мейрамханаға Алматы облысындағы тау шатқалының атауы «Сөгеті» деп аталуының өзіндік құпиясы бар. Кәсіпкердің балалық шағы осы шатқалда өткен. Қазіргі заманға сай жабдықталған мейрамханада зеренділіктер мен аудан қонақтары тамақтанып, салтанатты шараларды өткізе алады.

Шағын және орта бизнес нысанының ашылу салтанатына Зеренді селолық округінің әкімі Бауыржан Шоринов, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Күлей Бексұлтанова қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Соңғы жаңалықтар