«Зерде» ҰИХ» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

None
None
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаевтың бұйрығымен Еңсебаев Руслан Сәтбекұлы «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz

Руслан Еңсебаев 1981 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. 2005 жылы «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша Басқару институтын, 2013 жылы - Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша тәмамдаған. 

2001-2016 жылдары «Қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы» РМК, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ қызмет атқарған. 

2016 жылдан бастап қазіргі таңға дейін «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ Трансформация және кадрлық саясат жөніндегі бас директоры ретінде қызмет еткен.  

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар