Зарина Дияс Қытайдағы теннис турнирінде финалға шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Қытайдың Ханьин қаласында өтіп жатқан ITF теннис турнирінде финалға шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Жартылай финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы Ресейден келген аустралиялық қарсыласы Арина Родионованы 6:2, 6:3 есебімен ойсырата жеңді.

Сыйлық қорының басым бөлігін 100 мың доллар құрайтын матчта Зарина екі жұп корт иегерлері - Жао Янг пен Сайсай Женгтің арасында болатын кездесудің жеңімпазымен бақ сынасады.

Соңғы жаңалықтар