Заңсыз сотталған Павлодар облысының тұрғыны моральдық өтемақы өндіріп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Заңсыз сотталған Павлодар облысының тұрғыны Қаржы министрлігінен 10 млн теңгені өндіріп алу мақсатында Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотына жүгінді, деп хабарлайды ҚР Жоғарығы сотының баспасөз қызметі.

Сот талап арызды қарай келе, оны қанағаттандырудан бас тарты. Соттың шешімімен келіспеген шағымданушы Жоғары сотқа жүгінген.

«Павлодар облысының Екібастұз қалалық соты М.-ны ҚК-нің 108-бабына сәйкес кінәлі деп танып, 53 025 теңге (25 АЕК) көлемінде айыппұл салған. Сот оған ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасын қолданған. Алайда Павлодар облыстық соты үкімнің күшін жойып, М.-ны қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп тағылған айып бойынша кінәсіз деп танып, оны ақтады. Сот үкімнің заңды күшіне енбегендігін, орындалуға жіберілмегендігін, сотқа дейінгі тергеу жүргізілмегендігін, бас бостандығын шектеу немесе өзге шаралар қолданылмағандығын алға тартып моральдық өтемақы беруден бас тартқан», делінген хабарламада.

Жоғары сот органының сот алқасы істі қарау барысында жергілікті соттардың тұжырымдарының қате екендігін анықтаған.

Азаматтық кодекстің 923-бабының 1-тармағына сәйкес, бұлтартпау шарасы ретiнде ешқайда кетпеу туралы қолхат алуды заңсыз қолдану салдарынан келтiрiлген залал  құқық қорғау және сот органдарының кiнәсiне қарамастан заңда белгiленген тәртiппен толық көлемде мемлекет өтейдi.

«Апелляциялық сатыдағы сот қана талапкерге қатысты қолданылған ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасының күшін жойған. М. үкім шыққан күннен бастап ақталғанға дейін сотталғанның мәртебесінде болды. Осы екі айдың ішінде оның құқықтары шектелді. Қылмыстық қудалау органдарының әрекеттерінің салдарынан талапкердің моральдық зиян шеккендігі туралы уәждері негізді деп танылды», делінген хабарламада.

Жергілікті соттар оңалту қажеттігін көрсетпеген, сәйкесінше оның моральдық зиянды өндіріп алу құқығы жоқ деген негізсіз қорытынды жасаған.

Жоғарғы сот бұрын шыққан актілердің күшін жойып, М-ның талап-арызын ішінара қанағаттандырды. Қаржы министрлігінен талапкердің пайдасына моральдық зиянның өтемақысы ретінде 100 мың теңге өндірілді. 

Соңғы жаңалықтар