Заңсыз қоян аулап істі болды - Қарағанды облысы

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Шет аудандық сотымен С.және Б. қатысты ҚР ҚК 337 бабы 1 бөлігімен қозғалған қылмыстық ісі қаралды, деп  хабарлайды krg.sud.kz.

Сотпен анықталғандай, түнгі мезгілде сотталушы Б. «Лада» автокөлігін басқарып, Шет ауданы Ақшоқы ауылынан 8 шаршы метр жерде заңсыз қоян аулаған. Рейдтік іс-шара кезінде С. және Б. жануарлар дүниесі аумақтық «Охотзоопром ӨБ» РМҚК инспекциясының инспекторларымен ұсталып,  автокөлік ішінен 8 бас қоян, аңшылық қару және жарық сәулелендіргіш құрал (прожектор) табылып, тәркіленген. Сотталушылар осы іс-әрекетімен мемлекетке 127 064 теңге көлемінде материалдық залал келтірген.

Сот үкімімен  азамат С.және Б. ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігімен айыпты деп танып, сол баппен сотталушы С-ға 1 (бір) жыл мерзімге аң аулау қызметімен айналысу құқығынан айыра отырып, 180 (жүз сексен) сағатқа дейін  қоғамдық жұмыстарға тартылып жаза тағайындалды, ал сотталушы Б-ға 1 (бір) жыл мерзімге көлемінде көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыра отырып, 180 (жүз сексен) сағатқа дейін  қоғамдық жұмыстарға тартылып жаза тағайындалды.

Айғақты зат ретінде аңшылық мылтығы ретінде танылған, заңды күшіне енген кезде қара түсті жарықтандыру құрылғысы мемлекеттік түсімге айналды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар