ЮНЕСКО «Едіге батыр» эпосын мектеп бағдарламасына енгізуді ұсынды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбеде «Ер Едіге және ХХІ ғасырдағы ұлттық сана» халықаралық конференциясы өтті. ЮНЕСКО-ның жаһандық геопаркі «Едіге батыр» эпосын мектеп бағдарламасына енгізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде «Ер Едіге және ХХІ ғасырдағы ұлттық сана» халықаралық конференциясы өтті. Конференцияға Ресей, Өзбекстан, Башқұртстан, Моңғолия, Қарашай-Шеркеш елдерінің ғалымдары, ізденушілері, тарихшылар мен әдебиет қайраткерлері қатысты. ЮНЕСКО жаһандық геопаркі бойынша ұлттық комитетінің өкілі мектеп бағдарламасына «Едіге батыр» эпосын енгізуді сұрады.

«Эпостың ноғай, қарақалпақ тіліндегі нұсқалары тек орыс тіліне ғана емес, ағылшын тіліне де аударылуы дүниежүзі әдебиеттанушыларының назарын аударып отыр. Яғни, «Едіге батыр» тарихи-қаһармандық эпосы қазіргі күні ағылшын тілі арқылы әлемге танылуда. Эпостың қарақалпақша нұсқасы орта мектептерде оқытылып жатқанынан да хабардармыз. Біз осы конференциядан кейін «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр» жырлары сияқты «Едіге батыр» эпосы да Қазақстандағы орта мектеп бағдарламасына енеді деп үміттенеміз»,- деді ЮНЕСКО жаһандық геопаркі бойынша ұлттық комитетінің өкілі Азат Ерімбетов.
null

Биыл Ақтөбе қаласында Едіге батырға көше аты беріліп, ескерткіш орнатылады. Ақтөбенің Сүт зауыты ауданындағы Зинченко көшесін Едіге батыр етіп өзгерту ұсынысына республикалық ономастикалық комиссия рұқсат берді.

«2016-2017 жылдары аралығында Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Үш бөрте деген жерінде белгітас қойылды. Биыл Ақтөбе қаласында Едіге батырға көше аты беріліп, ескерткіш орнатылады. Байғанин ауданындағы «Едігенің жалы», Сағыз өзені бойындағы әке-шешесінің бейіті, Едіге деген жер атауы тарихи дәлел болып отыр. Біз Едіге батырды қазақ жұртшылығы болып ұлықтауды қажет ететін тұлға деп есептейміз. Жұмыс әрі қарай жалғасады»,-деді Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова.

Соңғы жаңалықтар