Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -22 °С
Алматы: -7 °С
USD 335.33 EUR 395.49
RUB 5.70 CNY 50.75
Жаңалықтар

«Ыстанбұл-Астана» әуе рейсінен Түркия азаматын түсіріп тастады

2017 жылғы 21 сәуір 16:50 1064
Поделиться:
 «Ыстанбұл-Астана»  әуе рейсінен Түркия азаматын түсіріп тастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы 10-20 сәуір аралығында еліміздің әуе және көлік нысандарындағы қылмыстарды болдырмау, ескерту және тиісті құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында Көліктегі ІІД қызмет көрсету аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы болып өтті.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған іс-шараны өткізу кезінде көлік сақшыларымен түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 2375, оның ішінде тыйым салынған орындарда темекі шеккені үшін 142 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  

Мәселен, Астана қаласы әуежайындағы Ішкі істер желілік бөліміне құқық бұзушы туралы ақпарат келіп түседі. 

Тексеру барысында 30 жастағы Түркия Республикасының азаматы «Эйр-Астана» әуе компаниясының «Ыстанбұл-Астана» бағытындағы  әуе кемесінің бортында темекі шеккені анықталды. Құқық бұзушы жоғарыда көрсетілген әуе рейсінен түсіріліп алынды.

Аталған факт бойынша ҚР ӘҚБтК 441 бабы 1 бөлімі (Жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Көлік полициясы ескертеді: Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, жекелеген қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін жеке тұлғаларды үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде жауапкершілікке тарту көзделген.

 

 


Басты сөздер: Көлік,
Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат