WTA: Путинцева рейтингін жақсартты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Көшбасшылар үштігін бұрынғыша Симона Халеп (Румыния), Каролин Возняцки (Дания), Гарбинье Мугуруса (Испания) тұйықтап тұр.

Бүгінде ең мықты қазақстандық теннисші Зарина Дияс үш орын төмен түсіп, 56-позицияда тұр.

Юлия Путинцева керісінше өз орнын алты позицияға жақсартып, 75-ші орынды иеленді.

Жұптық разрядта Ярослава Шведова тоғыз орынға төмендеп, 88-ші орынға жайғасты. 


Фото: www.zimbio.com

Соңғы жаңалықтар