WSB: «Astana Arlans» 1:4 есебімен «Uzbek Tigers» командасынан жеңілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс сериясында Қазақстан атынан өнер көрсететін «Astana Arlans» командасы Ташкентте жергілікті «Uzbek Tigers» командасынан 1:4 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Спорт.кз

64 келіде Ділмұрат Мижитов Эльнур Абдураимовтан жеңілді - 0:3 (45:50, 46:49, 47:48).

Ал 56 келіде Ильяс Сүлейменов Абдулхай Шарахматовқа есе жіберді- 0:3 (47:48, 47:48.

75 келі салмақта Сапарбай Айдаров Исраил Мадримовқа есе жіберіп алды - 0:3 (44:50, 44:50, 45:49).

Жалғыз жеңіс 91 келіде өнер көрсеткен Антон Пинчуктың еншісінде - 3:0 (50:45, 50:45, 49:46).

Ал Теміртас Жүсіпов Вэл Баркер кубогының иегері Хасанбой Дусматовтан айласын асыра алмады - 0:3 (45:50, 46:49, 45:50).

22 сәуір күні қазақстандық команда сырт алаңда қытайлық «China Dragons» командасымен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар