Westinghouse Electric Company LLC компаниясын қайта құру Қазатомөнеркәсіпке кері әсер етпейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2017 жылғы 29 наурызда америкалық Westinghouse Electric Company LLC компаниясы (жапондық «Toshiba» корпорациясының еншілес компаниясы) мен оның бірқатар үлестес компаниялары («Westinghouse Group») АҚШ-тың Банкроттық туралы кодексінің 11-бабына сәйкес электр станцияларының бірнеше жобаларына байланысты қаржылық наразылығын шешу үшін Нью-Йорк қаласының Оңтүстік округіндегі банкроттық істері жөніндегі АҚШ сотына қайта ұйымдастыру туралы өтініш түсіргенін хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Toshiba» корпорациясынан акциялар пакетін «опцион-пут» шартымен сатып алды. Бұл шартқа сай қазақстандық компания өз акцияларын бастапқы инвестицияға сәйкес келетін бекітілген бағамен қайтадан «Toshiba» корпорациясына сату құқына ие.

Осылайша, «Toshiba» корпорациясымен жасалған пут-опцион туралы келісімге сәйкес, егер ол іске аса қалса, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өзі салған қаржысын қайтару үшін келісілген құқыққа ие болмақ.

«Westinghouse Electric Company LLC» компаниясын қайта құру «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның қаржылық көрсеткіштеріне кері әсер етпейді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ - Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр станцияларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар экспортымен айналысатын ұлттық операторы. Компания қызметінің басты бағыттары - геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру және конструкциялық материалдар өндірісі. Бүгінгі таңда компанияда 26 000-нан астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.

Соңғы жаңалықтар