WBC президенті Головкин - Альварес жекпе-жегінің жеңімпазын атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) басшысы Маурисио Сулейман Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) - Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) жекпе-жегінде барлығы жеңіске жетті деп есептейді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Мен көрермендер жеңіске жетті деп есептеймін. Головкин да жеңіс тұғырынан көрінді, ол барлық титулдарын сақтап қала алды. Ал «Канело» болса әлемді мықты боксшымен қолғап түйістіріп, жеңді», - деді Сулейман ESPN-ге берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Головкин - Альварес жекпе-жегі төрешілердің шешімімен тең аяқталған болатын.

Соңғы жаңалықтар