Волонтерлар ЭКСПО-ны «Елбасы еріктілері» әнұранымен шығарып салды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасында қызмет еткен еріктілердің жұмыс қорытындысына арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шара еріктілер дайындаған «Бабалар өсиеті» театрландырылған қойылымнан басталды.



«Үш айдың көлемінде елорданың 12 оқу орнынан келген 77 ерікті бізбен бірге қызмет етті. Олар Елбасы кітапханасы экспозицияларын көрсету мен таныстыру арқылы мемлекеттің оңды имиджін дамытуды көздейтін жастар қоғамдастығын құрды. Олар нағыз отансүйгіш азаматтар. Бүгінде сол еріктілерге белсенді жұмыстары үшін Елбасы кітапханасының басшылығы мен ұжымының атынан шексіз алғыс айтамыз. Бұл тәжірибенің келешек жетістіктердің негізі болатынына сенімдімін», - деді Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Әмірхан Рахымжанов.



Кітапханада қызмет еткен волонтерлар өздерін «Елбасы еріктілері» деп атайды.

 «Мен осындай тарихи оқиғаның куәгері болғаныма өте қуаныштымын. Біз үшін Елбасы кітапханасында жұмыс атқару үлкен абырой болды. Біз Назарбаев орталығының қонақтарына экскурсиялар жүргізе отырып, еліміздің тарихы мен қол жеткізген жетістіктері жайлы зор мақтанышпен баяндадық. Үш ай ішінде Елбасы кітапханасына 70 мыңға жуық қонақ келді. Олардың қатырында Германия, Швеция, Украина, Беларусь, Ресей, Қытай және басқа елдерден келген шетелдік туристер болды. Экскурсиялар қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілінде жүргізілді. Елбасы кітапханасының және штабымыздың басшылығына бізге сенім артқаны үшін, осы үш айдың ішінде ерікті қызметімнен көп тәжірибе жинағаным үшін зор алғысымды білдіремін». - дейді Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 3-курс студенті Нұрсила Жұрманова.



Ал Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Анель Мұстафина үшін ерікті қызметі қоғамдық жұмысқа аттаған алғашқы қадам болып отыр.

«Мен үшін Назарбаев орталығындағы ерікті қызметі ұмытылмас тәжірибе болып қала бермек. Қазақстандықтарға ғана емес, сондай-ақ шетелдік азаматтарға таңғажайып еліміз туралы көптеген мәліметтерді жеткізе білгеніме өзімді өте бақытты санаймын», - дейді ол.



Жас көшбасшылар қазақ халқының күйлерінен попурри, «Болашақ энергиясы - Елбасы еріктілері» флешмобын орындап, өздерінің дарындылықтарын тағы да бір дәлелдеді. Шара соңында жас белсенділер Елбасы еріктілерінің әнұранын орындады.

 


Соңғы жаңалықтар