Владимир Жұмақанов ҰҚШҰ ҚК хатшыларының отырысына қатысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Минскіде Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесінің хатшылары комитетінің отырысына қатысты. Бұл туралы ҚК хатшылығына сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА хабарлады.  

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес ҰҚШҰ кеңістігінде ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ахуал, Ұйымның жедел ден қою Ұжымдық күштерінің өзара іс-қимылының тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ өзге де мәселелер жөнінде пікір алмасылды.

Отырыс аясында В. Жұмақанов ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердегі әріптестерімен  бірқатар кездесу өткізді. Ұжымдық қауіпсіздіктің заманауи сын-қатерлері мен қауіптеріне қарсы іс-қимыл және құзыретті мемлекеттік органдар желісі бойынша байланыстарды одан әрі дамыту мәселелері қаралды.

Делегация басшыларын Беларусь Республикасының Президенті А. Лукашенко қабылдады.

Бұдан басқа, қауіпсіздік кеңестері аппараттарының екіжақты консультациялары аясында В.Жұмақанов Беларусь ҚК-нің Мемлекеттік хатшысы С.Засьпен келіссөз өткізді.

Әскери, әскери-техникалық және құқық қорғау салаларындағы екіжақты өзара іс-қимылдың бағыттары талқыланды.

Қазақстанда 2018 жылы қауіпсіздік мәселелері бойынша екі елдің консультацияларын өткізуге уағдаластыққа қол жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар