Венесуэла өз криптовалютасын сатылымға қоймақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - El Petro деп аталатын венесуэлалық криптовалютаның сатылымы елде сейсенбі күні басталады, деп хабарлайды ТАСС.

Қаңтар айының басында президент Николас Мадуро аталмыш цифрлық валютаның барлығы 100 миллион бірлігі шығарылатынын мәлімдеген еді. Оның 82,4 миллионы бірінші кезеңде инвесторларға қолжетімді болады. Криптовалютаның бір бірлігі Венесуэла мұнайының баррелімен бірдей - қазіргі таңда 60 долларды құрайды.

El Petro криптовалютасының басқалардан айырмашылығы - ол нақты активті қамтамасыз етеді. Мадуроның жарлығымен осы мақсатта Ориноко өзеніндегі Аякучо кен орнынан 5 миллиард баррель мұнай алынған. Билік криптовалютаны шетелден қаражат тартуға мүмкін береді деп есептейді. Бұл өз кезегінде елдің дағдарыстан шығуына ықпал етеді. 

Соңғы жаңалықтар