Венеция комиссиясы Қазақстанның конституциялық реформасына оң қорытынды берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Рогов «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі» атты Конституциялық кеңес Жолдауын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мұның алдындағы Жолдау жария етілгеннен кейінгі жыл ішінде Қазақстан мемлекеттілігі мен оның конституциялық эволюциясы үшін айтулы оқиғалар болды. ҚР мемлекеттік Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекеленді және Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын қабылдау арқылы іске асырылған конституциялық реформа жүргізілді», - деді Игорь Рогов.

Жолдауда 2017 жылғы конституциялық реформа Қазақстанның барынша дамыған отыз елдің қатарына кіруі тұрғысында қоғам мен мемлекетті ретімен жан-жақты жаңғырту жолындағы заңды кезең болғаны атап өтілген. Сонымен қатар оның республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институттық реформасының орындалғанын көрсететіндігі, Қазақстанның үшінші жаңғыру кезеңі аясында сапалы өсуі және жаһандық бәсекеге қабілеттілік жағдайында еліміздің берік ұстанымының қамтамасыз етілуі үшін саяси-құқықтық алғышарт жасайтындығы айтылған.

«Айрықша қорғалатын конституциялық құндылықтар тізбесінің кеңейтілуі, атап атйқанда, оның мемлекет тәуелсіздігімен, Тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы іргесін қалаған республика қызметінің түбегейлі принциптерімен және Елбасы мәртебесімен толықтырылуы заңнамалық және институттық деңгейлерге барабар  кепілдіктер алуы тиіс», - деп атап өтті Конституциялық кеңес төрағасы.

Конституциялық кеңес Жолдауына Еуропа кеңесінің құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссиясы (Венеция комиссиясы)  2017 жылдың 10 наурызындағы 110-жалпы сессиясында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобасы бойынша оң қорытынды бергені айтылған. Венеция комиссиясының пайымынша: «Қазақстандағы конституциялық өзгерістер мемлекетті демократияландыру процесіндегі алға басылған қадам болып табылады. Реформа елдің одан ары дамуына дұрыс бағыт береді және айқын прогрестің куәсі болып табылады. Тұтас алғанда Парламенттің және атап айтқанда, оның палаталарының рөлін жоғарылату, Президенттің кейбір қызметтерін Үкіметке беру, оның парламентке есеп беруі және бақылауында болуы тетіктерін күшейту 1998 және 2007 жылдары  жүргізілген конституциялық реформалардың логикасына сәйкес келетін оң өзгеріс болып табылады».

Соңғы жаңалықтар