Велосипед қағып кеткен балаға ота жасалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы саябақтардың бірінде  велосипед қағып кетіп, салдарынан бас сүйегінің оң жақ самай тұсына ауыр жарақат алған үш жасар балаға ота жасалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Облыстық медицина орталығының дәрігерлері 2014 жылы туған балаға ота жасады. Осыдан кейін балдырған балалар күтіміне әлдеқайда жақсы бейімделген облыстық клиникалық балалар ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлайды Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Велосипед жүргізушісінің кінәсінің дәрежесін құқық қорғау органдары анықтап жатыр. Оқиғаға куә болғандар баланың қараусыз қалғандығын айтуда, бірақ наразылықты Қарағанды облысының билігіне білдіруде.

«Қарағанды әкімі халық алдындағы әрбір есебінде велосипедшілерге арналған жеке жолақтар салынатындығын уәде етеді. Қазір Қарағанды көшелерінде велосипедшілердің бейберекет жүрісінен алаңсыз қыдырудан қалып барамыз», - дейді қала тұрғыны Ержан Сағиев.

Айта кетейік, Қарағандыдағы Жеңіс саябағында велосипед жүргізушісі үш жастағы баланы қағып кетті. Бас сүйегінің оң жақ самай бөлігі сынған бала жансақтау бөліміне жеткізілді. Оқиға куәгерлері велосипед жүргізушісін ұстап, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

 

 

Соңғы жаңалықтар