Варшавада Қазақстан мен Польша сыртқы істер министрліктері өзара әрекеттестік мәселелерін талқылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Польша Республикасының Президенті Анджей Дуданың 6-8 қыркүйекте Астана қаласына мемлекеттік сапары барысында Қазақстан мен Польша мемлекеттерінің басшылары қол жеткізген уағдаластықтарға сәйкес, 13 қыркүйекте Варшавада БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шеңберінде екі ел арасындағы өзара әрекеттестік бойынша сыртқы істер министрліктері арасында консультациялар өткізілді.

 Қазақстандық делегацияны ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, ал поляк делегациясын ПР Сыртқы істер министрінің орынбасары Йоана Вронецка басқарды.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат поляк әріптестерін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстанның басымдықтары туралы хабардар етіп, 2018 жылғы қаңтардағы төрағалық ету кезеңіндегі Қазақстан Республикасының жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Өз кезегінде Й.Вронецка БҰҰ-ның негізгі органында еліміздің тәжірибесін қабылдаудағы қызығушылығын білдіріп, 2018-2019 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігі кезеңінде Польшаның басымдықтарымен танысты.

Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Польша арасындағы көпжақты санатындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыс, Африка, Ауғанстан, Украинадағы жағдай, сондай-ақ ядролық қаруларды таратпау, БҰҰ реформасы, қақтығыстарды болдырмау және т.б. өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Бұдан өзге, ҚР СІМ делегациясының сапары барысында Польша Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Павел Солохпен кездесу өтті. Жүздесу барысында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің күн тәртібіндегі екі елдің арасындағы одан әрі тығыз ынтымақтастықтың мәселелері талқыланды. 

Соңғы жаңалықтар