V Азия ойындары: Қазақстан құрамасы бесінші орында

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтіп жатқан V Азия ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы есепте 5- орында келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үшінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша 9 спорт түрінен жарыс өтті, оның ішінде 6 спорт түрінен 21 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Бұл күні ел спортшылары Қазақстан қоржынына 3 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль салды.

Үш алтынды жеңіл атлеттеріміз Иван Иванов (ядро лақтыру), СергейГригорьев (сырықпен секіру) және Ольга Рыпакова (ұзындыққа секіру) еншіледі. Күмісті Қайрат Сарымсақов (таеквондо), Велоспорттан Қазақстан ерлер құрамасы (Павел Воржев, Сергей Пономарев, Заки Сұлтанов) және Ботагөз Дүйсембаева (Классикалық түрікмен ұлттық жекпе-жегі) иеледі. Ал қола медальды Анастасия Виноградова (60 метрге кедергіден жүгіру), Айтуар Шайкенов (таеквондо) және Нина Ким (Джи-джитсу) жеңіп алды.

Үш күнгі жарыстың қорытындысы бойынша Түркіменстан спортшылары 62 медальды (29 алтын 21 күміс, 12 қола) қанжығасына байлап, көшбастап тұр. Екінші орында 12 медальмен (4 алтын, 2 күміс, 6 қола) жеңіп алған Иран спортшылары, үшінші орында 3 алтын, 5 күміс, 20 қола медальмен Өзбекстан спортшылары келе жатыр.

Әзірге Қазақстан қоржынында 12 медаль (3 алтын, 3 күміс,6 қола) бар. Жалпы есепте Тайландтан кейін бесінші орында тұр.

Соңғы жаңалықтар