V Азия ойындары: Анастасия Виноградова Ашхабадта қола жүлдегер атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ашхабад қаласында өтіп жатқан жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындарында қазақстандық жеңіл атлет Анастасия Виноградова қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әйелдер арасында ол 60 метрге кедергі арқылы жүгіру сайысында 8.59 секундтық нәтижемен үшінші орыннан көрінді. Бірінші және екінші орынды Гонгонктық Луи Лайлю және Тайландтық спортшы Мэсри Сучада өзара бөлісті. 

Айта кетейік, байрақты бәсекеде Қазақстан намысын 16 спорт түрі бойынша 181 спортшы қорғап жатыр.

Соңғы жаңалықтар