Ұзақбай Қарабалин: Қазақстан халықаралық міндеттемелерін талапқа сай атқарады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылға жоспарланып отырған мұнай өндіру көлемін 81 млн тоннаға жеткізу жоспары Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін бұзбайды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне «KAZENERGY» қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин айтты.

«Мұнай өндіру көлемін жалпы ұлғайту - еліміздің шикі мұнайды тәулігіне 20 мың баррельге дейін қысқарту жөніндегі міндеттемелеріне қарама-қайшы емес. Жалпы алғанда біз өткен айларда алдыға қойған шарттарды ұстанып отырмыз. Ол тәулігіне 1,7 млн баррель. Меніңше, қорытынды жылдың ортасына таман белгілі болады. Оған дейін біз талапқа сай жұмыс істейтін боламыз»,-деді Қарабалин.

Осыған дейін «ҚазАқпарат» 2017 жылы Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда, мұнай өндіру көлемін жылына 1,5 млн тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырғандығын хабарлаған. Жылдық өндіріс 81 млн тоннаны құрайды.

Соңғы жаңалықтар