Үшарал аэровокзалының құрылысы төңірегінде былық шықты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Алакөл ауданының орталығы Үшарал қаласының аэровокзалын салуға бөлінген қаржы төңірегінде заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Демек, Алматы облысы жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Серік Төребаев іс жүзінде жасалмаған жұмыстар үшін бюджет қаражаттарын мердігердің есеп шотына аударған. Осы заңбұзушылықтары үшін Алматы облысы жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары С.Төребаев пен бөлім басшысы Л.Карсыбаева тәртіптік жауапқа тартылды. Яғни, Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» жасалды.
null

2017 жылдың 15 ақпанда жүргізілген прокурорлық тексеру нәтижесінде, аэровокзалдың шатырының жабынғысы (металочерепица) төселмегені, терезелердің орнатылмағаны анықталды. Сонымен бірге, электр желісі жүргізілмегені, аэровокзалдың төбесіне жылыту материалдары төселмегені белгілі болды. Бұған қоса, әуежай объектісіне найзағай ұстау бағанасы (молнееприемник, заземление) орнатылмаған.Техникалық қадағалау жүргізетін маманның қорытындысына сәйкес, атқарылмаған жұмыстардың құны 28 млн. теңге болды.

Соңғы жаңалықтар