Ұшақ апатты жағдайда қонған Орал әуежайы уақытша жабық

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Орал» халықаралық әуежайы жергілікті сағат 00.00-ге дейін жабық, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Әуежайдан алынған мәліметке қарағанда, техникалық себептерге байланысты қазіргі кезде ұшақтар қонып немесе ұшып жатқан жоқ.

Бүгін Орал әуежайының ұшып-қону жолағының навигациялық жүйесін әуеден шолуды орындаған AIR CONTROL авиакомпаниясының ұшағы жергілікті сағат 18.56-да шассисіз жерге қонған болатын. Жапа шеккендер жоқ. Экипаж құрамында үш адам (екі командир, бір техник) болған. Ұшақ өртенбеген.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Нұргүл Мұқанованың айтуынша, осы оқиға салдарынан Орал-Ақтау бағытында сағат 19.45-те ұшуы тиіс «Bek Air» компаниясына тиесілі Fokker-100 жолаушылар ұшағының ұшу уақыты сағат 00.40-қа шегерілді. Сол секілді Алматы-Орал бағытындағы дәл осындай ұшақ та кешеуілдеуде.

Соңғы жаңалықтар