Үш жылдан кейін ақылы жолдардан әр жылда 30 млрд. теңгеден қаржы түседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ақылы жолдардың концепциясын толығымен орындай алса, үш жылдан кейін ол жолдармен жүретін көліктерден жыл сайын 30 млрд. теңге жинап отыруға мүмкіндік бар, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаевтың айтуынша, алдағы уақытта 7 000 шақырым жолда ақылы жүйе енгізіледі. Биыл аталған жүйені Астана-Теміртау, Алматы - Қапшағай мен Алматы - Қорғаста енгізу жоспарланып отыр. "Осы жолдарда ақылы жүйені енгізудің арқасында жыл сайын 4 млрд теңге түседі деген жоспар бар. Қазіргі кезде басқа 13 учаскеде ақылы жүйе бойынша жобалық-сметалық құжаттарды даярлау жұмысы басталды. 2018 жылы 14,5 мың шақырым жолда, ал 2019 жылы тағы бір мың шақырымда ақылы жүйені енгізуді жоспарлап отырмыз. Сөйтіп, 2020 жылдан бастап ақылы жолдардан жыл сайын 30 млрд. теңгені жинаймыз деп ойлаймыз. Ол ақша ақылы жолдарды жөндеуге және тағы басқа жұмыстарға толығымен жетеді", - дейді Пішембаев.

Айта кетейік, бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында комитет басшысы тағы 11 жолда құрылыс жұмыстарының басталатынын мәлімдеді.  

Соңғы жаңалықтар