Үш облыста көктемгі су тасқыны жөнінде ескертілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті республиканың үш облысында көктемгі тасқын сулар қалыптасуы мүмкіндігі туралы ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

«Алдағы туәлікте - 3 сәуір күні жаңбырларға байланысты Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының аласа таулы өзендерінде тасқындар мен бөктерлерден сулардың ағуы күтіледі. ШҚО өзендерінде мұздардың кептелуі болжанады», - делінген таратылған хабарламада.

Бұған дейін 2 сәуір күнге Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарындаескерту жарияланған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар