Үш ағайындыны өлтіріп сотталғандардың апелляциялық шағымы қаралады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында үш ағайындыны азаптап өлтірген қылмыскерлердің апелляциялық шағымы қаралады. Аталған процесс Алматы облыстық сотында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында іс 25 қаңтарда қаралады. Сағат 10:00-ге белгіленді.  

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Жарқынбек Долдан, Мұқият Зарлыхан мен Әлімхан Қаділбектерді өлтірген күдіктілерге қатысты сот үкімі қарашаның 29-ы күні  шықты. Сот бас күдікті Талғат Сүлейменовті өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындады. Ал қылмыскер Мұрат Оңалбаев  25 жылға сотталды. Сондай-ақ ауыр қылмысқа куәгер бола тұра ешкімге хабарламаған Бақыт Байқасымов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Естеріңізге сала кетейік, Қарасай аудандық сотында үш ағайындыны өлтіргендердің ісі қаралды. Жәбірленуші тарап қылмыскерлерді өлім жазасына кесуді сұраған еді.

Айта кетелік, қыркүйек айында үш ағайынды Ұзынағашқа мал сатуға (40 ірі қара мал) кетіп, із-түзсіз жоғалып, артынша олардың өлі денелері табылды. Қаза болғандар  Мұқият Зарылхан, Жарқынбек Долдан және Қаділбек Әлімханның артында үш отбасыдан 8 бала және жарлары қалды. 

Соңғы жаңалықтар