Үржарда соңғы 30 жылда екінші көпқабатты тұрғын үй салынбақ

None
None
ҮРЖАР. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында 30 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй салынады. Бұл соңғы 30 жылдың шамасында бой көтеретін екінші көпқабатты тұрғын үй болмақ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.  

Айта кетейік, аудан орталығындағы көппәтерлі тұрғын үйлер 80-ші жылдардың соңында салынған болатын. Содан бері мүлдем көпқабатты тұрғын үй салынбаған. Тек 2015 жылы аудан әкімі Серік Зайнулдиннің бастамасымен 27 пәтерлі тұрғын үй бой көтеріп, нәтижесінде 27 жанұя баспаналы болды.

Биыл мемлекеттік «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында тағы 30 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй салынатын болады. Бұған мемлекет қазынасынан 280 миллион теңге қарастырылып отыр. Тұрғын үй құрылысы бойынша жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілген.

 «Ішіндегі пайдаланатын құрал-жабдықтар да, құрылыс материалдары да толықтай отандық өнімдерден жасалады. Орталықтандырылған сумен, орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етіледі. Жалпы, қаладағы үйлерден еш кемдігі болмайды», - дейді Үржар аудандық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қалақұрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі Солтанғазы Елемесов.

Айта кетерлігі, қазіргі күні ауданда 600-ден астам адам баспана кезегінде тұр. 

Соңғы жаңалықтар