Ұры автобус жолаушыларын тонау үшін шабаданға жасырынған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парижде автобусқа мініп  жергілікті Бовэ әуежайына бара жатқан жолаушыларды ұдайы тонап жүрген екі ұры ұсталды.

Қылмыскерлердің бірі  жүк бөлігіндегі жолаушылардың құнды заттарын тінту үшін шабаданға жасырынады,  сыбайласы болса өзге адамдармен бірге шабандандағы әріптесін автобустың жүк  бөлігіне салып жібереді.

Ал ол асықпай өзіне ұнаған құнды заттарды жинап,  шабаданға қайта тығылған. Сыбайласы  түк болмағандай  әуежайға келген соң шабаданын көтеріп тайып отырады.

Осындай қулықпен олар жұртты ұдайы тонап келген, деп хабарлайды Local.

  Жолаушылар тарапынан түскен бірнеше  шағымдардан кейін жүргізушілер де сақтыққа көшкен көрінеді.  13 қазанда  Париждің батысындағы Porte Maillot автобус стансасында жолаушылардың бірі аса үлкен әрі ішінде қозғалыс байқалған  шамаданды жүк бөлігіне салып жатқанын жүргізуші көріп қалған.  

Бұл жайлы дереу әуежай қауіпсіздігі қызметіне жеткізеді. Олар өз кезегінде  полицияға хабарлайды.

Құқық қорғаушылар автобустан шыққаннан кейін күдіктінің шабаданы мен жолдорбасын тексерген. Жолдорбадан  бірнеше ноутбук, планшет, ұялы телефондар және өзге де бағалы заттар табылды. Ал шабаданда ұрының өзі жатқан.

Жастары 40-тан асқан екі баукеспенің бұдан бұрын ұрлықпен ұсталғандығы анықталды. Бірі бір жылға, екіншісі 8 ай түрмеде отырған.

Фото: vesti.ru

Соңғы жаңалықтар