ҰОС ардагерлеріне 181 мың теңгеден әлеуметтік көмек көрсетіледі - Қызылорда облысы

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 1941-1945 жылдары болған Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 72 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар басталып кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына сілтеме жасап  хабарлады.

Облыста бүгінде 51 ҰОС ардагері мен мүгедегі және 5903 тыл еңбеккері бар.

Жеңіс мерекесіне орай, ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне материалдық және әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық және жергілікті бюджеттен 415,3 млн. теңге қаражат бөлінген, оның ішінде: Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне - 181520 (80 АЕК) теңгеден, соғыс жылдарында жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін КСРО ордендері мен медальдарымен наградталған адамдарға 113450 (50 АЕК) теңгеден беріледі.

Ұлы Отан соғысы жылдарында кемінде алты ай қызмет еткен азаматтарға 68070 теңге (30 АЕК) мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Бүгінгі күнге әлеуметтік көмектерді төлеу жұмыстары басталды, сәуір айының соңына дейін ардагерлердің жеке шотына толығымен аударылады.

Соңғы жаңалықтар