Универсиадада 26 мемлекетке медаль бұйырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алатау бөктеріне өткен ХХVIII қысқы Универсиада-2017 ойындарына қатысуға келген 31 елдің спортшылары медальсыз қайтатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Алматы төрінде өткен аламанға әлемнің 57 елінен екі мыңға жуық спортшы қатысты. Бүгін жарыстардың соңғы жүлделері сарапқа салынып, Универсиада медалінің қанша мемлекетке бұйырғаны белгілі болды.

Қысқы спорттың 12 түрінен, яғни биатлон, тау шаңғы спорты, кёрлинг, конькимен жүгіру спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы, шаңғымен трамплиннен секіру, сноуборд, мәнерлеп сырғанау, фристайл, шайбалы хоккейден жалпы 85 медальдар жиынтығы сарапқа салынды.

Бұл медальдардың басым бөлігін Ресей құрамасы қанжығасына байлады.

Айталық, 29 алтын, 27 күміс, 15 қола медальмен солтүстіктегі көршіміз жалпы есепте көш бастады.

Ал жерлестеріміз 11 алтын, 8 күміс, 17 қола медальмен ресейліктерден кейінгі екінші орынға тұрақтады. Бұл Универсиада ойындарының тарихындағы Қазақстан құрамасының үздік нәтижесі.

Ал үштікті Оңтүстік Кореядан келген спортшылар түйіндеді. Олардың еншісінде 11 алтын, 5 күміс, 5 қола медаль бар.

Алтын медальға 15 елдің спортшылары қол жеткізсе, күміс медальға 23 мемлекетке бұйырды. Армения мен Норвегия бір-бір қола медальдан иеленіп, 25-26-орындарды өзара бөлісті.

Ал 31 мемлекет бірде-бір жұлдеге іліге алмай елдеріне құралақан қайтты.

Ал қай мемлекет қанша медаль алғанын төмендегі кестеден көре аласыздар:

Орын

Ел

А

к

қ

барлығы

1

Ресей

29

27

15

71

2

Қазақстан

11

8

17

36

3

Оңтүстік Корея

11

5

5

21

4

Жапония

6

12

10

28

5

Польша

5

2

5

12

6

Қытай

4

4

2

10

7

Франция

4

2

2

8

8

Италия

4

 

 

4

9

Беларусь

3

2

1

6

10

Украина

2

3

4

9

11

 Чех Республикасы

2

2

5

9

12

Австрия

1

2

5

8

13

Канада

1

1

1

3

14

Ұлыбритания

1

 

 

1

15

Латвия

1

 

 

1

16

Нидерланды

 

3

1

4

17

Швейцария

 

2

3

5

18

Германия

 

2

1

3

19

Австралия

 

2

 

2

20

Финляндия

 

2

 

2

21

Словения

 

2

 

2

22

Швеция

 

1

3

4

23

АҚШ

 

1

1

2

24

Словакия

 

 

2

2

25

Армения

 

 

1

1

26

Норвегия

 

 

1

1

  

барлығы

85

85

85

255

  

 

Соңғы жаңалықтар