Универсиада нысандары лаңкестік шабуылға осал - Қасымов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Универсиада нысандарына лаңкестік шабуылдарға осал мәртебесі берілді. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұйымдастыру мәселелерін шешу үшін арнаулы, құқық қорғау және мүдделі мемлекеттік органдардан жедел штаб құрылды. Ол Атлеттер қалашығында орналасқан. 20 қаңтардан бастап, Универсиаданың басқа нысандарында басқарудың қосалқы пункті орналастырылады. Терроризм мен экстремизмің орын алуы мүмкін қауіпін сейілту мақсатында Универсиаданың 9 нысанына террористік қатынаста осал мәртебесі берілді», - деді ол.

Оның айтуынша, тексеруден өткізу құрал-жабдықтары мен арнайы құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалды.

«Қазіргі уақытта Алматы мен Алматы облысынның криминогендік ахуалын сауықтыру мақсатында жедел алдын алу шаралары жүргізілуде. Мұнан бөлек мынадай шаралар атқарылды. 20 қаңтардан бастап, Атлеттер қалашығында орналасқан 50 қызметкердің жұмыс орны бар полиция бөлімшесі ашылады. Универсиада қауіпсіздігін 7,5 мың қызметкер, оның ішінде 4,7 полиция, 1 мың әскери қызметші және 1,4 мың Қорғаныс министрлігі қызметкерлері қамтамасыз етеді. Мұнан бөлек, 150 кинолог пен жарылғыш техниктерді тартамыз», - деді Қасымов.

Оның сөзіне қарағанда, Алматыға кіреберістегі 10 экологиялық постқа қосымша тағы 9 блок-пост ашылатын болады. Келесі аптадан бастап полиция Универсиада алауын жағу және барлық облыс орталықтарында эстафета кезеңдерін қорғауға кіріседі.

«28 қаңтардан бастап Ойындар өткізілетін бүкіл кезеңге министрдің орынбасары Тұрғынбаев пен Әкімшілік полиция және Төтенше жағдайлар комитеттері төрағаларының о2 орынбасары сапарға жіберіледі», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар