Универсиада кезінде санитарлық және экологиялық нормаларға сай емес көліктер Алматыға кіргізілмейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Универсиада кезінде техникалық, санитарлық және экологиялық нормаларға сай емес көліктер Алматыға кіргізілм дейді. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы облысымен бірге қалаға техникалық, санитарлық және экологиялық нормаларға сәйкес келмейтін көліктердің кіруіне шектеу қою бойынша шаралар қабылдануда. Қалалық клиникалардың материалдық-техникалық базасы айтарлықтай нығайтылды. Мәселен, 25 емхана, 8 стационар, 215 жедел жәрдем көлігі және 370 медицина қызметкері дайындалды. Сонымен бірге екі аурухана базасында Қысқы спорт түрлері халықаралық студенттік федерациясының стандарттарына сәйкес жедел медициналық көмекті қамтамасыз ететін тікұшақ алаңы екі аурухана базасында салынды»,- деді қала басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, спорттық шараға қатысушыларға 519 көлік қызмет көрсететін болады. Бұған қоса, қолданыстағы 28 автобус бағдарына қосымша Орталық стадионнан, Саяхат автобекетінен және Алматы-1 вокзалынан 18 бағдар ашылады.

«Біз қалалық трафик мәселесін де тыңғылықты қарадық. 29 қаңтарда және 8 ақпанда екі күн 9 ірі базар жабық болады. Сонымен қатар қала тұғындары мен қонақтарға жайлы жағдай жасау үшін мектеп оқушыларына қосымша демалыс беріледі. Бұл көшелердің жүктемесін 30 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, ата-аналар балаларымен студенттік спорттық ойындарға және көптеген іс-шараларға баруға мүмкіндік алады», - деді Байбек.

Соңғы жаңалықтар