Универсиада чемпионы Галышева жаңа спорт түрімен айналыспақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қысқы Универсиадалардың үш дүркін жеңімпазы, әлем чемпионатаның екі дүркін жүлдегері, фристайлшы Юлия Галышева Instagram әлеуметтік желесінде хоккейшілер киімімен мұз айдынында жаттығып жүргені туралы бейне түсірілімдері мен фото суреттерін жариялай бастады. Жанкүйерлер арасында спортшының хоккейге ауысқысы келетіні туралы жоспарын білгісі келетіндер көбейді. Осыған орай, ҚазАқпарат тілшісі спортшының өзімен тілдесіп, болашақ жоспары туралы білді.

null
«Хоккейшілердің киімімен мұзайдынына шыққаным әуесқойлықтан десе болады. Басқа да мұзайдындарында сырғанауға болатын еді, бірақ мұнда шайбалы хоккейдегі секілді  негізгі жаттығуларды орындаймыз. Бұл спорт түрінде мен қатты шаршаймын. Сол арқылы әлі де екі сағат жүгіруге, секіруге қауқарым бар екенін біліп қуанып қалдым. Осыншама қызықты деп ойламаппын, өзімді 10 жастағы Диснейлендге келген баладай сезіндім», - дейді Юлия Галышева.
null 

Спортшы жанкүйрелерінің күмәнын сейілтті. Хоккей айдынындағы көріністер тек жаттығу екенін айтқан ол 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына фристайл-могул бойынша дайындалып жатқанын жеткізді.

«Мұндай жаттығулар қосымша күш береді. Физикалық дайындығыңды арттырып, құлаудан қорқып тұратын үрей сезімінен құтқарады екен. Өйткені хоккейшінің киімі қауіпсіз өте ыңғайлы деген кәсіби хоккейшілер өзара соқтығысып қалғанда неше түрлі жарақат алып қалады. Бірақ біздікі тек жаттығу, енді мен өзіме осы хоккейші формасын сатып алып, жаттығуларынан қалмауға тырысамын»,- деді ол.
null 

Юлия Галышева мен тағы бір фристайлшы, 2015 жылғы Универсиада чемпионы қазақстандық Павел Колмаковты мұз айдынына хоккейден Қазақстан құрамасының мүшесі Наталья Яковчук алып шыққан. Танымал хоккейші екеуіне арнайы киім тауып беріп, қауіпсіздік шараларын түсіндірген.

Айта кетейік, 14 тамыздан бастап, Галышева мен Колмаков Норвегияда жаттығуда жүр. Норвегиядағы жаттығудан кейін екі спортшы Өскемен қаласында жаттығуын жалғастырады. Қазан айында олар Швейцарияға аттанып, әлем кубогының барлық командаларымен бірге бір трассада жаттығатын болады.

Соңғы жаңалықтар