Универсиада билеттері бойынша ұтыс ойынында бойжеткен пәтерлі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тұрғыны Жұлдыз Жұмаділова Универсиадаға сатып алған билетімен ұтыс ойынынан 2 бөлмелі пәтер ұтып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Универсиада дирекциясына сілтеме жасай отырып.

15 ақпан күні Универсиадаға сатып алынған билеттер бойынша ұтыс ойындарының қорытындысы жасалды. Бүгін таңертең «Алмалы» тұрғын үй кешенінен кімнің екі бөлмелі пәтер иесі атанғаны анықталды. Ұтыскер атанған Жұлдыз Жұмаділова өзінің жеңіске жеткенін Универисада дирекциясына барғанда бірақ білген.

Жұлдыз Алматыға Қызылордадан көшіп келгеніне көп болмаған. Қазіргі уақытта Алматыдағы банктердің бірінде жұмыс істейді. Жұлдыз билеттер бойынша ұтыс ойындары болғанын бүгін таңертеңге дейін білмеген. Тек, Универсиада дирекциясынан соққанда ғана білген.

«Бұл пәтер күтпеген жағдай болды, үлкен, ең керек сыйлық», - дейді Жұлдыз.

«Мен бұрын пәтерім болатынына сенетінмін, бірақ осылай тез арада шешіледі деп еш ойламағанмын. Мен Алматыда туыстарыммен тұрып жатқанмын, мен үшін жеке пәтер өте қажет болатын»,  - деді ол. 

Айта кетейік, Жұлдыз tiketon.kz. сайты арқылы мәнерлеп сырғанау сайыстарына 4 билет сатып алған. Бақыт «жүгін арқалаған» билет 4 ақпан күнгі сайысқа сатып алынған болып шықты.

Жұлдыз қуанышын әлі де толық сезіне алмай тұрғанын айтады.

«Мен сене алмадым. Жылап жібердім», - дейді ол. 

Соңғы жаңалықтар