Универсиада алауын алып жүру кезінде елорда жолдары жабылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Универсиада алауын алып жүру кезінде елорда жолдары кезең-кезеңімен жабылады. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысында Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана Универсиада алауын жағу аясында арнайы штаб жұмыс істеп, іс-қимыл жоспары бекітілген болатын. Қажетті барлық шаралар қолға алынып жатыр. Жалпы, қаламыз салтанатты шараны өткізуге дайын болады. Бекітілген кестеге сәйкес алау эстафетасы Назарбаев Университетінен басталып, қалалық әкімдік ғимараты алдындағы алаңда аяқталады. Эстафета екі кезеңге бөлінген, біріншісі қаланың орталық көшелері Қабанбай батыр, Достық көшелерімен «Бәйтерек» монументіне дейін барады. Екінші кезеңде «Бәйтеректен» Қонаев, Қабанбай, Бараев, Республика, Кенесары көшелерімен жүріп өтеді», - деді Исекешев.

Оның сөзіне қарағанда, эстафетаның жалпы ұзындығы 12 шақырымды құрайды. Алаугерлердің саны 60 адам. Олардың қатарында елорданың студенттерімен спортшылары бар. Алаугерлердің бәрі арнайы оқытылып, дайындық шараларынан өткен.

«Колонна өткен кезде жолдарда кептеліс болдырмау үшін олар кезең-кезеңімен және қозғалыс жолағы бойынша ғана жабылады. Қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейту шаралары қарастырылған», - деді елорда әкімі.

null null  

Соңғы жаңалықтар