Универсиада алауын алып өту кезінде Астанада бірқатар көшелер жабылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 Алауының Эстафетасы 25 қаңтарда өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің Фейсбуктағы парақшасында хабарланды.

null

«Осыған орай 2017 жылдың 25 қаңтар сағат 10:00-ден 12:30-ға дейін:

* Қабанбай батыр даңғылында Тұрар Рысқұлов көшесінен бастап, Достық көшесіне дейін;

* Достық көшесінде Қабанбай батыр даңғылынан бастап, Түркістан көшесіне дейін көліктің барлық түрлеріне қозғалыс ішінара шектелетінін ескертеміз.

Сондай-ақ, 2017 жылдың 25 қаңтар күні сағат 12:45-тен 15:00-ге дейін:

* Д. Қонаев көшесінде Түркістан көшесінен бастап, Қабанбай батыр даңғылына дейін;

* Қабанбай батыр даңғылында Д. Қонаев көшесінен бастап, «Рамстор» СО-ның автотұрақ аумағына дейін (Республика даңғ.);

* Республика даңғылында «Рамстор» СО-ның автотұрақ аумағынан бастап, Кенесары көшесіне дейін;

* Кенесары көшесінде Республика даңғылынан бастап, Астана қаласының ескі алаңына дейінгі аумақта қозғалыстар шектелетін болады», делінген хабарламада.

Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі уақытша шектеуге жүргізушілерден түсінушілікпен қарап, айналып өтудің балама жолдарын алдын-ала жоспарлауды сұрайды.

null 

Соңғы жаңалықтар