Үндістандық мұсылман жастар Қазақстанның халықаралық бастамаларын қолдайды

None
None
БЕЙЖІҢ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат - Үндістан Мұсылман студенттері ұйымы ұлттық делегаттарының конференциясы аясында Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшілігі Қазақстанға арналған арнаулы сессия ұйымдастырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.

«Kazakhstan: Home of Peace» (Қазақстан - бейбітшілік ұясы) тақырыбындағы сессия жұмысына Қазақстанның Үндістандағы Елшілігінің өкілдері, Үндістан Мұсылман студенттері ұйымының жүзден астам мүшесі қатысты.
null

Шарада дипломаттар мен ғылым өкілдерінің «Қазақстан және оның жаһандық бейбітшілікті сақтаудағы орны», «Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының съезін шақыру идеясы және Қазақстанның бейбітшілікке қосқан үлесі», «Қазақстанның ядролық қарусыздану бастамасы және оның Орталық Азия елдерін аймақты ядролық қарудан азат аймақ деп жариялауға шақыруы - одан әрі даму модельдері ретінде», «Қазақстан мен Үндістанның өзара қатынастары» тақырыптарында ғылыми баяндамалары тыңдалды.

Сессия жұмысында үндістандық ғылыми орта өкілдері Қазақстанның халықаралық бастамаларын қолдайтынын білдірді.

Айта кетелік, Үндістан Мұсылман студенттері ұйымы елдегі ең ірі әрі беделді жастар бірлестіктерінің бірі, оған 1 миллионнан астам студенттер мен профессор-оқытушылар, сарапшылар мүше. Үндістанның 22 штатында МСҰ-ның 560 өкілдігі қызмет атқарады.

Соңғы жаңалықтар