Үндістандағы жол апатында он адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігіндегі Пратапгарх қаласында болған жол апатынан он адам қаза тауып, тағы алты адам жарақат алған. Бұл жайлы trend.az хабарлайды.

Полиция өкілі Гая Дутт Мишра Джаунпур қаласынан Пратапгархқа бара жатқан жолаушылары бар жүк көлігі Субантха ауданында таксимен соқтығысқан. Жазатайым оқиға салдарынан он адам қаза тауып, алты жолаушы ауруханаға жеткізілген.

Полиция жүк көлігінің иесін ұстап, көлігін тәркілеп үлгерген.

Қаза тапқандардың тұлғасы әлі толық анықталмаған.

Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар