Үндістанда Қазақстанның инвестициялық әлеуеті таныстырылды

None
None
БЕЙЖІҢ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат - Қазақстанның Үндістандағы Елшілігі Делиде өткен India's role in the Contemporary Global Economy семинарында ҚР инвестициялық әлеуетін таныстырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі.

Шараны Үндістанның 7 мыңға жуық компаниялары мен ұйымдарын біріктіретін Indian Achievers Forum шағын және орта бизнес қоғамдық ұйымы ұйымдастырған. Оған үндістандық іскерлік ортаның 200-ден астам өкілі, Үндістан парламентінің төменгі палатасының депутаты Лакшми Нарайян Ядав және Үндістан орталық үкіметінің жекелендірілген және жергілікті өзін-өзі басқару министрінің орынбасары Санджив Патджоши қатысты.
null

Семинар соңында, Үндістанның экономика, денсаулық сақтау және ғылым салаларына үлес қосқан тұлғаларды жыл сайынғы марапаттау рәсімінде  Қазақстан Республикасының Үндістандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Сәрсенбаев қазақстандық-үндістандық қатынастардың дамуына қосқан үлесі үшін Indian Achievers Award 2017 марапатына ие болды.
nullnull 

Соңғы жаңалықтар