Ұлыбританиядағы барлық тұрғын үйдің құны 8,4 трлн долларға бағаланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританиядағы барлық үйлердің құны соңғы үш жылда 1,5 трлн фунт стерлингке өсті және 6,8 трлн фунтты ($8,4 трлн) құрайды, деп жазады Financial Times Savills риелторлық компаниясының зерттеуіне сілтеме жасап. 

Бұл британ экономикасының көлемінен 3,7 есеге көп және Лондонның қор биржасында тіркелген барлық компаниялардың қаржысынан 1,5 есеге артық.

2001 жылы Ұлыбританиядағы жылжымайтын мүлік құны ІЖӨ көлемін 1,6 есеге арттырса, 2007 жылы  - 3,3 есеге.

«Соңғы үш жылда тұрғын үй бағасы төмен пайыздық несие мен тұтынушылар сенімінің жоғарылауы салдарынан күрт өсті, - деп мәлім етті Savills тұрғын үй нарығын зерттеу бөлімінің басшысы  Лушан Кук.

Соңғы жаңалықтар